EnglishРусский

ҚАУІПСІЗДІК ҒЫЛЫМ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ

М. Ө. Насимов, саяси ғылымдарының кандидаты,

Б. Ж. Паридинова, философия магистрі,

«Болашақ» университеті, Қызылорда қ., Қазақстан,

Қ. Қ. Қалдыбай, докторант

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универитеті,

Алматы қ., Қазақстан

 

Қауіпсіздік түсінігін құбылыс ретінде қарастыру қоғамда жоғары қызығушылық туындатып отыр. Ол туралы саясаткерлер мен ғалымдардан бөлек төртінші билік өкілдері саналатын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері жіті бақылауда. Мектеп қабырғасында «Өмір қауіпсіздігі негіздері» атты оқу пәні де енгізілген. Демек, біздің тақырыптың қоғамдық маңыздылығы жоғары екендігі байқалады.

«Қауіпсіздік» түсінігінің көп қырлылығы оның күрделі әлеуметтік құбылыс екендігін сипаттайды және «Табиғат-Адам-Қоғам» жүйесінде өзара қимылдардың барлық түрлері мен бағыттарымен тығыз байланысты. Десек те, шет елдік және отандық әдебиеттерде берілген түсініктің жан-жақтылығы байқалады.

Мақала авторлары осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасындағы саяси жарнаманың ерекшеліктері [7] және қазақ халқының қауіпсіздік төңірегіндегі философиялық, гуманистік және діни құндылықтары [6] мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар жариялады.

Қауіпсіздіктің бір нысаны ретінде қоғамды қарастырсақ, күрделі әлеуметтік қақтығыстардың жоқтығы әлеуметтік жүйедегі қоғам өмірі мүмкіндіктерін қауіпсіздіктегі рөлін айқындап, Ата заңымызда көрсетілген тұжырымдар қорғалады. Сондықтан, мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруда мына мәселелер өз маңыздылығын жоғалтпайтындығы анық:

1)  қоғамды біріктіруге мүмкіндігі бар, бір мезгілде қимылдар бағдарламасы сынды айқындалған идеология іспеттес дайындалған қауіпсіздік доктринасының болуы;

2)  құқықтық негіздері – қоғам және оның құрайтын элементтер мүддені қорғауға мүмкіндігі бар заңдар мен құқықтық нормалар жүйесі (адамдар, әлеуметтік топтар, саяси және қоғамдық ұйымдар, қоғамдық сана және т.б.);

3)  қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар жүйесі;

4)  қауіпсіздіктің қоғамдық жүйесі – қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру мүмкіндігіне ие тұрғындар белсенділігіне негізделетін үкіметтік емес, қоғамдық институттар мен ұйымдар жиынтығы;

5)  демократиялық принциптерге негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерінің жүйесі [2].

С.И. Ожегов пен В.И. Дальдің орыс тілі сөздіктерінде көрсетілгендей, «қауіпсіздік – кез келген тірі жанға немесе затқа қатер туғызбайтын ахуал; қауіптен сақтану күйі; қауіптен қорғаныс» [3]; «қауіптің жоқтығы; амандық, сенімділік» [1].

Ресейлік саяси энциклопедияда: «Қауіпсіздік – адам, қоғам және мемлекеттің өмірге маңызды мүдделер мен негіздерден сенімді сақтану жағдай, әлемдік қауымдастықтың ішкі және сыртқы қатерлерден қорғалуы» [4], - делінген.

Қауіпсіздік түсінігінің мәні мен мазмұнын ашудағы әдістемелік тәсілдер өте көп. Мәселен, саяси ғылымдарда бұл әлеуметтік құбылысты нақты жүйенің ерекшелігі мен бірнеше жүйелер және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижесі деп дәйектейді. Сонымен қатар, адам, қоғам және мемлекеттің қорғалуын қамтамасыз етуге қойылған міндеттерді шешуге бағытталған қызмет үдерісі.

Техникалық ғылымдар қауіпсіздік туралы білімдер кешені технологиялық, геоэкологиялық және әлеуметтік-экономикалық жүйелер төңірегіндегі техногенді саланың қарқынды дамуымен байланысты жағымсыз факторлардың теориясы мен тәжірибесін зерттеумен айналысты. Техникалық ғылымдар шеңберінде техникалық жүйелер мен технологиялық процесстер қауіпсіздігінің арттыру әдістерін зерттеп, төтенше оқиғалардың пайда болуының мүмкіндіктерін болжайды және алдын алады. Техникалық ғылымдар қағидаларына сәйкес адам мен қоғамның қауіпсіз өмірі техносферадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты. Нәтижеге жету техника саласындағы физикалық, химиялық, биологиялық жағымсыз әсерлерді азайтудағы білім жүйелерін жүзеге асыру.  

Қауіпсіздік генезисін әлеуметтік-саяси феномен ретінде сараптау оның адам табиғатындағы биологиялық тамырларын бекітеді. Индивид өмір-салтының барлық талаптарына ықпалы ету арқылы адамның әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани жағдайы биологиялық компонентіне тікелей байланысты. Бәріміз білетіндей, тірі организмдерге тән өзін-өзі сақтау іргелі биологиялық сезімдері адамның өз қауіпсіздігін қорғауда білінеді.

Әлеуметтану ғылымдары қазіргі заманғы әлеуметтік процестерді қауіпсіздік және тәуекелділік контекстінде зерттейді. Оның түрлі қырларын У. Бек, Э. Гидденс, Н. Луман, П. Штомпка сынды ірі батыс әлеуметтанушылары өз тұжырымдамаларын ұсынған. Қазіргі әлеуметтік ахуалды тәуекелділік қоғамындағы өмір ретінде сипаттауға болады. Қылмыс деңгейінің жоғарылығы, адам өмір деңгейінің құбылмалылығы, экологиялық апаттар, бюрократияның басымдығы, терроризм мен экстремизм қатерлерінің өршу қаупі сөзіміздің дәлелі. Сондықтан, қазіргі таңдағы жаңғырту шарттарында бұл мәселені ғылыми негіздеу басымдығы мол әрекет.

Психология ғылымдарының пікірі бойынша, адамдардың өмірлік қажеттіліктері мен мүдделерін қорғаудың сезімі, қабылдауы мен әсерленуі деп қарастырады. Бұл адам психологиясында болатын түрлі күйзелістер мен түрлі жантанулық құбылыстар негізінде орын алатын көріністер деп те бағалайды.

Философия ғылымдары қоғамның даму тенденциялары мен өмір сүру шарттары, оның құрылымы мен институттарының ахуалы ретінде қарастырады. Ұлы тұлғалардың саяси-әлеуметтік көзқарастары негізіндегі мемлекет құрылысындағы жағдаяттардың қалыптасуын зерттеуге мол үлесін қосады.

Қауіпсіздіктің теориялық және әдістемелік негіздері XX ғасырдың соңғы онжылдығында айтарлықтай терең ғылыми мәнге ие болды. Сондықтан, зерттеудің келесі бағыттарын ерекше атап өтуге болады:

  • Тәуекелділікті басқаруды қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздері ретінде теориялық және тәжірибилік тараптарын зерттеу (Т.А. Балабанов, П.Г. Грабовой, И.С. Комин, A.A. Кудрявцев). 
  • Жалпы қауіпсіздік мәселелерін қарастыратын философиялық-әдістемелік жұмыстар (Г.В. Бро, М.Ю. Захаров, B.C. Поликарпов, Н.М. Пожитной, А.И. Субетто және басқалар).
  • Тұрақты даму және коэволюциялық контексттегі қауіпсіздік (Е.И. Глушенкова, В.И. Данилов-Данильян, С.И. Дорогунцов, A.B. Ильичев, В.В. Мантатов, JI.B. Мантатова, H.H. Моисеев, Ю.В. Олейников, А.Н. Ральчук, A.JI. Романович, А.Д. Урсул және басқалар).
  • Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу (Г.Г. Восканян, Ю.С. Хромов, А.Д. Урсул және басқалар).
  • Экологиялық қауіпсіздікті әлеуметтік-философиялық ұғыну  (Т.С. Дыйканбаева, В.Б. Казакова, И.Б. Мулин, A.M. Муравых, М.М. Удычак және басқалар).
  • Жаһандану процестері мен қауіпсіздік мәселелері (Х.А. Барлыбаев, А.И. Костин, A.Л. Романович, А.Д. Урсул, А.Н. Чумаков және басқалар).
  • Ақпараттық қауіпсіздікті әлеуметтік-философиялық және әдістемелік талдау (Ю.Ф. Абрамов, Г.А. Атаманов, Н.П. Ващекин, М.И. Дзлиев, C.B. Марков, Е.Е. Перчук, О.М. Цыденова және басқалар).
  • Әлеуметтік процестермен байланысты мемлекеттің қауіпсіздік мәселелерін теориялық, әдістемелік және қолданбалы зерттеу (М.С. Алешенков, A.B. Гончаренко, И.Ю. Жинкина, В.Н. Иванов, В.Н. Ксенофонтов, A.A. Прохожев, Р.Г. Яновский).
  • Әскери қауіпсіздікті зерттеу (С.С. Антюшин, П.И. Чижик, В.М. Дудко, А.Т. Янаков және басқалар).
  • Түрлі дәрежелердің әлеуметтік қауіпсіздігін талдау: жеке тұлға, өркениет  (Т.Е. Бейдина, О.В. Вознесенская, В.И Лыков, Ф.К. Мигулов, В.Б. Пугин, B.C. Плотников, М.Ю. Швецов, Е.А. Ходаковский).
  • Қауіпсіздіктің әлеуметтік психологиясы (А.К. Сухов).
  • Қауіпсіздіктің категориялық негіздерін зерделеу (А.Л. Романович, В.И. Ярочкин).
  • Секьюритология қауіпсіздік туралы ғылым ретінде (М.С. Алешенков, Б.М. Родионов, В.И. Ярочкин).
  • Қауіпсіздік философиясы (H.H. Рыбалкин, B.C. Поликарпов).
  • Тіршілік ету қауіпсіздік негіздерін теориялық және медицина-биологиялық зерттеу (C.B. Белов, А.Ф. Козьяков, А.Л. Михайлов, В. Руденко, О.Н. Русак, Л.А. Соломин, Л.И. Шершнев және басқалар).
  • Еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және еңбекті қорғау саласында қауіпсіздік мәселелерін зерттеу (C.B. Белов, А.Ф. Власов, Г.В. Макаров, О.Н. Русак және басқалар).
  • Тіршілік етудің қауіпсіздік саласында өскелең ұрпақты дайындаудың педагогикалық аспектілері (Р.И. Айзман, В.В. Марков, Ю.В. Репин, Ю.В. Чеурин және басқалар).
  • Қазіргі білім берудің ажырамас құрамы ретінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері (Б. Вуйтович, В.И. Деркач, Г.Г. Зейналов, В.Н. Мошкин) [5].

Зерттеу жұмысы барысында бірнеше қорытындыларға келеміз. Байқайтынымыз, қауіпсіздік және ұлттық қауіпсіздік ұғымдарына түсініктемелер көбейген.  Отандық және шет елдік саясатта және ғылымда ұлттық қауіпсіздік теориясының негізі саналатын «қауіпсіздік» ұғымына байланысты келісілген түсінік жоқ.

Қауіпсіздік ұғымына байланысты көптеген ғалымдар бірнеше түсініктемелер беруіне байланысты мынадай қағидаларды ұсынамыз:

-     ғалымдардың басым бөлігі ұғымға келгенде қауіпсіздік нысаны мүшелеріне мән береді.

-     Қауіпсіздік нысан мүмкіндігі ретінде қарастырылғандықтан, мәні мен сипатын қарастыруда барлық кері әсер сыртқы факторлардан болатындығы байқалды.

-     Тұрақтылық жүйесіне бағынған қауіпсіздік тұтастық пен тұрақтылық қағидаларына сүйенеді.

-     Адам өмір салтының шарты саналатын қауіпсіздік материалдық және рухани құндылықтарды бағалауға өз септігін береді.

-     Ұғымның негізгі мәні материалдық және рухани өмірдегі қауіпсіздіктің жоқтығымен өлшенеді.

-     Қатер кез келген қауіптің негізгі нысаны ретінде танылады.

Сондықтан, қауіпсіздік дегеніміз - ішкі және сыртқы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұлттық мүддені қамтитын құндылық.

Жалпы ұғымды әдістемелік жағынан талдау барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі екендігі айқындалды.

 

Библиографиялық тізім

  1. Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка: в 4-х томах. – Т. І. – М., 1981. – С. 67-68.
  2. Киселев И.Ю., Смирнова А.Г. Проблема безопасности в современных международных отношениях. – Ярославль: ЯрГУ, 2005. – С. 27.
  3. Ожегов С.И., Шведова Н.И. Толковый словарь русского языка. – М., 1995. – С. 38.
  4. Политическая энциклопедия. – Т. І. - М., 2000. – С. 104.
  5. Хомякова В.С. Безопасность как фактор устойчивого развития (социально-философский аспект). – Диссертация на соискание ученой степени кандидата философских наук: специальность: 09.00.11 – социальная философия. – Чита, 2007. – С. 5-6.
  6. Kaldybay K.K., Abdrassilov T.K., Abdygalieva G.K., Suleymenov P.M., Nassimov M.O. Maintenance of  Philosophical, Humanistic and Religious Values of Security of fhe Kazakh Nation  // World Academy of Science, Engineering and Technology. – Issue 75. – March, 2013, Madrid. – P. 983-989.
  7. Nassimov M.O., Kaldybai K.K., Paridinova B.Zh. Features of Political Advertisement in the Republic of Kazakhstan // Middle-East Journal of Scientific Research. – 2013. – Volume 14, Issue 8. – P. 1129-1134.

Комментарии:

Ваш ник:
Ваш email:
Текст комментария: