Каталог статей из сборников научных конференций и научных журналов- Шәкәрім шығармашылығы Қайым Мұхамедханов зерттеуінде

Шәкәрім шығармашылығы Қайым Мұхамедханов зерттеуінде

М. Ө. Шагимолдина

 Шәкәрім атындағы СМУ,

Семей қаласы, Қазақстан

 

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде келер ұрпаққа тағылымды терең із қалдырған педагог-ұстаз, ғалым, әдебиетті зерттеуші Қайым Мұхамедханұлы. Әкесі Мұхамедхан Сейітқұловтың үйі жергілікті оқымыстылар мен зиялы қауымның жиналатын үйі болған. Қайым өзінің әкесінің қасында Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, К. Жанатаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатов  секілді ірі тұлғаларды көріп өсті және солар туралы кейіннен ірі-ірі мақалалар жазды [1]. Сонымен қатар, Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы зор мазмұнды, ғылыми және сыни бағытта өз артынан мол мұраларын қалдырды. Оған дәлел ретінде, Ғаббас Қабышұлының пікірін еске түсірейік: «Шәкәрім шығармаларының дұрыс шықпай жүргені туралы қаншама күйіп-жанып мақала жазды. Кейінгі әдеби шығармалары жастарға үлгі деп ойлаймын. Абайтануға, Шәкәрімтануға, одан кейін Мұхтар Әуезовтың жазушы аға, әдеби зерттеу еңбегі туралы Қайым аға көп жазған мақалалары бар. Соның барлығын құрастыра қарасаң, Қайым ағаның құдай-ау, осынша дүние жазуға қаншама уақыт тапты екен деп таң қаламын».

Шәкәрім Құдайбердіұлының көркемдік әлемі ақиқат өмірді жете танып, осы құнарлы оймен, өрнекті сөзбен жеткізе білуден басталады. Сөз шеберінің зерттеп білер объектісі өмір шындығы да, бейнелейтін дүниесі- адам болғандықтан, ақын өлеңдерінде алуан сырлы лирикалық кейіпкерлердің мінезін, көңіл –күйін, сезімін, арман- тілегін танытқан.  Қайым Мұхамедхановтың. Көп томдық шығармалар жинағы. 3- томдағы   « Шаһкәрім» атты  ғылыми еңбегінде Шәкәрімнің шығармашылығы мен өмірі жайлы құнды деректер келтірген. Негіздеп талдаған ақыннның «Мұтылғанның өмірі»  шығармасы болды.  Шәкәрімнің «Мұтылғанның өмірі» шығармасы негізінен алғанда, тек өз басынан өткерген тағдыр жазбалары еді. Бұл шығармасында бес жасынан бастап, қарт шағына дейінгі өмірін баяндаған, яғни өмір жолында сезінген ішкі дүниесіндегі құбылыстарды және ойында туған мұң- шері мен философиясын кестелеген. Жеті жасында әкесінен жетім қалып, немере ағасы Абайдың тәрбиесінде, тікелей ықпалында өскен. Ол өзінің көп өлеңдерінде  Абайдың ақыл- парасатына жүгінбей өтпейді [2].  Балалық шағында жетімдігін білдірмеу үшін оны  айналасындағылары еркелетіп, еш нәрседен тиым жасамаған. Он жасынан домбыра мен гармонь аспаптарын қолға алып, әуен сырына назар бөлген, аңшылықпен әуестене бастаған. Тұлымы өзге жұрттан, бойына дарын құсы ұялаған бұл жан басқадан ерекшеленіп, өнердің бес түрін де меңгеріп, қызықтағанын байқаймыз.  Қайым өз еңбегінде Шәкәрімді «Ол – әрі лирик, әрі ақын және прозайк, ол – композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол – терең ойшыл әрі бармағынан бал тамған сегіз қырлы өнерпаз – үлкен мәдениет қайраткері» деп таныстырады. Халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп, ерекше құрметтеген деген мәліметтер береді. Шәкәрімнің ауылдан ұзап шығып, ешбір  оқу орынында оқымағандығын және оның мектебі де, университеті де Абай болған екендігін білдіреді[4]. Шәкәрімнің «Мұтылғанның өмірі» шығармасының желісін ұстана отырып, ақынның өмірінде болған жағдаяттар мен шығармаларының сырларына тереңірек үніліп, сырын аша түскен, сондай- ақ сыни пікірлер мен салыстырмалы ойлар және саналы пікірлер келтірілген. Бұл еңбегінде Мұхтар Әуезовтың: « Ақын болмақ болып, талаптанып өлең шығарып көруге Абайдың іні, балаларының барлығы да ұмтылған. Сол ретпен өлең шығаратын Көкбай, Шаһкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болады. Бұлардың бәрі де қысқа өлең айту Абайдың жол, дағдысы болғандықтан, өздеріне бөлек бет іздеген сияқты. Сондықтан төртеуі де ұзақ әңгімелі өлең жазады. Сонда Көкбай, Шаһкәрім қазақ елінің ескі өмірінен тарихи оқиғаларды жазса, Ақылбай, Мағауия Европа ақындарының салтымен Кавказды, Зұлысты, Африканы өлең қылып, махаббатты жырлайтын сезімді поэманың үлгісін ұстағысы келеді» деген ұстазының ойын келістіре айтқан. Шәкәрімнің жиырма жасында жастық, махаббат өлеңдері болды деп, дәлел ретінде бірер өлеңдерінен үзінді келтірген. 21 жасында жазған өлеңіне Абайдың сыни қарағандығын атап өткен.  Шәкәрім жиырма жастан өткенде, шексіз білім мен түбі терең ғылым жолына мойын бұрып, осы жолды ұстанғанының алғашқы қадамдары байқалады. Әр жаңаны біліп, ұғынған сайын жанына жақыны нақ осы екеніне көзі жетіп, білмегенін сұраумен, жинақтаумен болған. Алғашында жазған өлеңдерінде халықтың мұң- шерін жырлауға көңіл бөлмегеніне өкініш сезімін білдірген, болыстық қызметі ғылым- білімнен жолын алшақтатқан бір өткінші өзен ағысы ретінде ойында бойлаған. Болыстық қызметін атқарғанда іздеген қалды тұл деген мұңын айдай анық мәлімдеген. Азат болған басы құлдыққа шалынғанын байқағанда әр түрлі атақ тағынып, ар кетіп, айла жамылдым деп ой тербетеді. Осы қызметтік жолда жүріп жиырма жыл өмірі өзен ағысында алдынан байқамастай  толқынымен бағытталып алға қарай жылжи берген. Осы жайға байланысты Қайым Мұхамедханов: « «Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз»,- деген Абай қағидасын берік ұстаған Шаһкәрім шала молдалардың соқыр сенімін мансұқ етіп, олардың азғындығын әшкерлейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да талғаусыз табына бермейді, өз ақылына жүгініп, сыншыл оймен қарап оқиды» деген ойын білдіреді. Шәкәрім Стамбул, Парижда болғандығын және содан алған мәліметтермен бес жыл аясында жұмыс істегендігін баяндайды.

Шәкәрімнің қырыққа жасы жетіп, өзінің  балалық пен жастық шағы қара көмірге жағылғанына көзі жеткен, мақтанға басы құмар  мас болғанын мойындап, ғылымның берер нұры мол екенін сезінген. Қайым Мұхамедханов мәлімдеуінше  Абайдың тапсырысымен Шәкәрім он тоғыз жасынан бастап қазақ шежіресін жинай бастаған, соның нәтижесінде  «Шежіре» еңбегін жазып, поэмаларының сюжеті осы еңбегімен байланыстылығын және басқа ғалымдардың деректерімен сәйкестілігін, өз заманында дұрыс бағаланып, ескерілмегендігін айтады. «Мұтылғанның өмірі»шығармасында  Шәкәрім өзінің жастық шағы, яғни жиырма жылдық өмірі, еш меңгерместен өтіп, жүрегіне қанды ірің болды дейді. Оқырманды өзінің сырласы мен мұңдасы болуға шақырады. «Қазақ айнасын» оқыған қалың жұрт Шәкәрімнің сол кездегі халыққа айтар әртүрлі адам бойындағы міндерін өткір бейнелеген, оның көздеген мақсаты қандастарының көзі ашық, көкірегі кең болуы, білім мен ғылым жолына көз бұруы болсын деген. Қайым Мұхамедханов жоғарыда аталған еңбегі және басқа да еңбектерінің баспаға шығуы жайлы құнды мәліметтер келтіріп өткен. « Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш атты мақаласын келтіріп, түсіндірмелер мен қамтыған мәселерлерді кеңінен аша түскен.

Шәкәрім елу жастан асқан соң Саятқораға көшіп, сонда қоныс табады. Айтайын деген ойын, дұрыс жолға бағыттайын дегенін түсінген жан табылмағандықтан еліне реңжіп, қауымнан қашып қағылып, оңаша өмір сағынып, ойға оңаша жер керек деп түйіндейді.

Николай құлап, өлген соң, түзелер қазақ деп үміт артады, дегенмен құлдықтан қазақ босағанмен қайта ақ пен қараларға бөлініп, соның зардабынан бостандық тағы жанымыздан жағалап өтіп кетті, оның айтқанына еш жан құлақ аспады, ішінде жанған жаңа жалынды шоқ, өздігінен көпке бармай сөнді. Ақтар қашып өткен кез, қызылдан шыққан көп әскер : «Ақтан қалған қару бер!»- деп қорқытып ақша, малды алып, әркімге зиян еткен кез дейді. Көрейін десең нұрымды, Жи- дағы оқы жырымды деп шығармашылығына көз салуды сұрайды. Өзің надан бір шалға теңеп, ол қайдан білді деп күлкіге айналдырма, ұқсаң сөзің ғылым- білімге бөл назарды деп ақыл айтады.  Қайым Мұхамедханов осы өмір кезеңіне қатысты Қажы өліміне арналған халық алдында айтқан сөздерін келтіреді. Ақан сері туралы  шығарма және «Шыныбақ» атты поэма, көптеген өлеңдер, әңгімелер, пьесалар жазғандығын атап айтқан. Шәкәрімнің ұлы Ғафур өліміне байланысты мәліметтер бар. 

Шәкәрім ғылымның барлық саласында бірдей араласып, оларды білуге талпынған, философия, психология ғылымдарын зерттей жүріп, өзі де бұл ғылымдар саласында өз ұлтына тұңғыш рет пікір айтушы адам болған. Шәкәрімнің өз халқының өнерлі болу жағын жан- жақты үйретуден өзі де жалықпаған. Оның ақындығын, жазушылығын, композиторлығы, философиясымен қоса тәлім- тәрбие, өнер шеберлігі жағына да аса қатты көңіл бөлген.  «Мұтылған деген сөздің астырында  ұмытылмайтын мән жатыр. Ұмытылатыны немесе ұмытылмайтыны қайсы, оны әркім өзі ойлану керек»,- дейді Ғарифолла Есім. Мәселе данышпан Шәкәрімнің ұмыттырмайтын ой тастап кетуінде. Қазыналы ойды көмбеде  қалдыруында. Қазіргі заманның жас буыны қолына қалам алып, қағаз бетіне өз ойлары мен сезімдерін түсірмес бұрын, оған әр жағдайда тіреуі бола алатын ұстазы ақылшысы болғаны жөн, ал Шәкәрімнің айтқан сөздері мен жеткізбек болған  философиялық ойлары қазіргі таңда халықтың зор мұрасы болып табылады. Қайым Мұхамедхановтың болашақ ұрпаққа қалдырған зерттеу еңбектері қазіргі таңда толықтай ашылып зерттеллмеді, оның сыр- қырын тану болшақ ұрпақтың еншесінде, яғни Шәкәрім туралы ойлары мен келтірілген дәлелді баяндамалары тереңірек қарастыруды қажет етеді.

Библиографиялық тізім

1.            Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 3 том. – Алматы, Алаш, 2005. – 328 б.

2.            Қайым туралы сөз. – Астана: Фолиант, 2006. – 376 б.

3.            Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы, Дәуір, 1994. – 336 б.

4.            Омаров. А.  « Шәкәрімнің өмірбаяны», Алматы, 2007. – 410 б.

Әбдіғазыұлы Б. Шәкәрім: дәстүр және көркемдік. – Семей, 2007. –234 б.

Полный архив сборников научных конференций и журналов.

Уважаемые авторы! Кроме избранных статей в разделе "Избранные публикации" Вы можете ознакомиться с полным архивом публикаций в формате PDF за предыдущие годы.

Перейти к архиву

Издательские услуги

Научно-издательский центр «Социосфера» приглашает к сотрудничеству всех желающих подготовить и издать книги и брошюры любого вида

Издать книгу

Издательские услуги

СРОЧНОЕ ИЗДАНИЕ МОНОГРАФИЙ И ДРУГИХ КНИГ ОТ 1 ЭКЗЕМПЛЯРА

Расcчитать примерную стоимость

Издательские услуги

Издать книгу - несложно!

Издать книгу в Чехии