Ближайшие конференции по темам

ФилософияФилософия - К-09.20.22

СоциологияСоциология - К-09.10.22

ИскусствоведениеИскусствоведение - К-09.20.22

ИсторияИстория - К-09.20.22

КультурологияКультурология - К-09.20.22

МедицинаМедицина - К-10.05.22

ПедагогикаПедагогика - К-09.10.22

ПолитологияПолитология - К-10.05.22

ПравоПраво - К-09.15.22

ПсихологияПсихология - К-09.10.22

ТехникаТехника - К-10.05.22

ФилологияФилология - К-09.20.22

ЭкономикаЭкономика - К-09.10.22

ИнформатикаИнформатика - К-10.05.22

ЭкологияЭкология - К-10.05.22

РелигиоведениеРелигиоведение - К-09.20.22


Ближайший журнал
Ближайший Научный журнал
Paradigmata poznání. - 2022. - № 3

Научный мультидисциплинарный журнал

PP-3-22

русскийрусский, английскийанглийский, чешскийчешский

21-20.07.2022

Идёт приём материалов

Информатика Искусствоведение История Культурология Медицина Педагогика Политология Право Психология Религиоведение Социология Техника Филология Философия Экология Экономика


Литературный журнал Четверговая соль
Литературный журнал "Четверговая соль"

Каталог статей из сборников научных конференций и научных журналов- Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасындағы адам мәселесі

К-11.01.18
VII международная научно-практическая конференция
Религия – наука – общество: проблемы и перспективы взаимодействия
01.11-02.11.2018

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасындағы адам мәселесі

Б. М. Сатершинов,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия,

саясаттану және дінтану институтының

бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор,

Л. Н. Тоқтарбекова,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті философия,

саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының 3 курс PhD докторанты,

Қазақстан Республикасы, Алматы

 

Аңыздар мекені атанған киелі Баянауыл жерінде дүниеге келген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмір жолы ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Ресейдің қазақ еліндегі отаршылық саясатын жүргізумен тұспа-тұс келген болатын. Отаршылық саясаты қазақ жұртының ұлттық ділі мен дінің, руханиятының еркін дамуына кері әсерін тигізді. М.Ж.Көпеев тек қазақ елінің ғана біртұтастығы емес, сонымен қатар жалпы мұсылман халықтарының бірлігі туралы мәселені көтереді. Оның ойынша, ұлт пен ұлыс болып жеке-жеке бірігуден гөрі, рухани, діни-сенім тұрғыдан ықпалдасу, өзара әрекеттесу нағыз бірлікті қалыптастырады. Кейініректегі тарихымызда орын алған қазақ даласындағы революциялық өзгерістер ұлттың өзіндік ерекшелігі болып саналатын көшпенділік өркениетіне балта шабылды.

...Ашылмай басымыздан тұман басты,

Сол үшін жол таба алмай жұрт адасты.

Мың сегіз жүз сол алпыс тоғыздан соң,

Қор болып болмадың ба аяқасты.

Даярлап күнде алдыңнан қақпан-торын,

Шыңырау ғып сексен құлаш қазған орын.

Құранды қор, моланы бордай қылып,

Тырысты сөндіруге ислам нұрын... [1, 61 б.] – деп ақын өзінің «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» атты шығармасында қазақ жеріндегі кеңестік саясаттың арамза мақсатын ашық жырлай келе, қазақ халқын өзінің тарихи мәдени құндылықтарын сақтауға, дәстүрлі құндылықтарын жандандыруға шақырады, рухани түлеуге насихаттайды.

Ақын шығармашылығының түп мағынасы мен маңызы – қазақ халқының ұлттық мүдделерін, рухани әлемін озбыр саясаттың жойғыш күштердің каһарынан сақтауға тырысу болатын.

...Тарту деп медал, наград ала берді,

Өз басы аман, жұртты отқа сала берді.

Пайдасына ұрым-бұтақ ойламады,

Күйікте кейінгілер қала берді... [1, 62 б.] – деп құрғақ марапаттар үшін жұртының ділі мен ұлттық дәстүрлерді жойып жіберуге мүмкіндік берген, намысқа тырыспаған мансапқор ел ағаларын сынға алады.

Қазақтың ең шұрайлы, құнарлы жайылымдарын орыс мұжықтарына беріп қана қоймай, ел ішіне миссионерлер таратып, қазақтарды ислам дінінен және бүкіл рухани, дәстүрлі идеяларын шеттету әрекеттері жүзеге асырыла бастады. Әрине, мұндай сыңаржақты саясат көптеген қазақ зиялыларының ашуын тудырған еді. Ал Мәшһүр Жүсіптің арманы әділетсіздік пен зұлымдық, кемшілік пен жоқшылықтан ада, жұрты өз қабілетіне қарай дамып, өсіп-өнетін жаңаша мемлекеттің орнауы еді. Демек, адам мәселесін өзектендіру бағытында жалпы қоғамдағы әлеуметтік жағдаятты өзгерту, жөндеу мәселесін күн тәртібіне қоя білді.

М. Ж. Көпеевтің шығармаларын оқи келе аңғаратынымыз, қазақ қоғамының ең жақсы, ұйыған кезеңі ХХ ғасырдың басындағы саяси өзгерістер нәтижесінде жоғалған. Ақын адам бойындағы жағымсыз, сүйкімсіз қасиеттердің пайда болуының түп төркіні оның Алладан алыстауынан, қол үзіп қалуынан деген тұжырымға келеді. Әрине, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың күрделілігі мен сәйкессіздігі XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамына тән еді. Ал рухани бірлікті жоғалтуды М. Ж. Көпеев адамзат қоғамының құндылық бағдарларының өзгеруімен байланыстырады. Адамдар өздерінің шексіз рухани мүмкіндіктерін толыққанды пайдаланбай, болмашы, өткінші дүние үшін өзімшілдікке бой алдыратыны белгілі. Мәшһүрдің түсінігінше, Аллаға деген сүйіспеншілік – бұл тек жақсылық пен әсемдік, адамшылық пен адалдық, діни жоралғыларды атқару ғана емес, жалпы оның жаратылысына деген махаббат. Яғни тек шынайы махаббат адам бойына адалдық пен әдептілік, қамқорлық пен мейірімділік қасиеттерін тудырады. Жалпы моральдық жауапкершілік, тәубешілік қасиеттердің адам бойынан, оның рухани әлемінен табылуы ар-ұяттан, иманнан екені анық.

Ойшыл өзінің шығармаларында адал ниетті адам бейнесіне, адамгершілік, ар-ождан мәселелеріне көбірек тоқталады.

...Бір адам бар: өрік, мейіз ағашы сықылды,

Жемісінен дүниеге жүзі баһра алады.

Бір адам бар терек ағаш сықылды,

Отқа отын болғаннан басқаға жарамайды... [1, 83 б.]  – деп адам табиғатын екі түрлі ағашқа теңеп, көркем суреттейді. Мұндағы айтпағы, жақсы адам мәуелі ағаштай, жақсылық, қайырымды іс жасап, жан-жағына шуағын шашады, ал екіншісі қайырымсыз, тәкаппар адам бейнесі, бойы бар да ойы жоқ, құр қарайған пенде іспетті.

...Балалар, жалқау болмай, оқы сабақ,

Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ...

...Арқаны кедейліктің – еріншектік,

Желкеңнен жібермейді мықтап тартып... [1, 84 б.] – деп «Жалқаулар туралы айтқаны», «Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол» атты шығармаларында Абай сияқты «бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» деп, адам бойындағы жалқаулық, тәкаппарлық, надандық сияқты жағымсыз тұстарды даттап, білімпаздық, имандылық, еңбекқорлық секілді жақсы қасиеттерді дәріптейді. Қазақта «кедейдің кербезінен сақта», «кедей қырсық» деген сөз тіркестерді бар, бұл тіркестердің мағынасын ақынның мына өлең жолдары дөп басып ашып бергендей:

Сөз айтса, дәл қол сырнай, тақылдайды,

Өз сөзін, құрғұр, өзі мақұлдайды.

Кеңеске қалжың-мылжың тым-ақ ұста,

Суырдың айғырындай шақылдайды.

 

Жөн сөзді айта білмес ақылдасып,

Ыржаң, қылжаң өнері сықақ, машық.

Сыр-сымбат, өн бойында, өнеге жоқ,

Әдеп, ар кем, ұятсыз, надан пасық... [1, 88 б.].

Көпеевтің ойынша, адамның жүрегін, ой-санасын, жан-дүниесін тек өнер-білім тазартып, оған жоғары мақсаттарға жетуге көмектеседі, ұмтылдырады. Әлбетте ол бұл идеяны дінмен байланыстырады: өйткені Алланы тану, оған илану әділеттілікке, адамдылыққа алып келеді. Сондықтан оның дүниетанымында Аллаға деген сенім ерекше орын алады. Жастайынан діни білім алып, шығыстың керемет жыр-дастандарынан сусындаған Мәшһүр Жүсіптің өлең-жырларының басым көпшілігі діни сарында, діни тақырыптарға қатысты жазылған, тіпті ешбір шығармаларында дін, Аллаға махаббат, құлшылық, мадақ туралы сөз иірімдері жоқ дей алмайсыз.

Адам табиғатынан Құдай алдындағы міндеттеріне адал, саналы, адамгершілік пен парасаттылыққа және осыларға қарама-қайшы зұлымдыққа бейім келетін екі сипатқа ие. Әл-Фараби адам бойындағы осы сипат туралы былай дейді: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» [2, 128 б.].

Адам бойындағы жақсылық пен жамандықтың күресіндей болған бұл қасиетті исламда нәпсі деген ұғым арқылы түсіндіреді. «Адам Нәпсі тойымсыз, себебі оның табиғатында құмарлық бар. Нәпсіні меңгеру мақсатында әлемде діни саналар қалыптасып, өркениеттік тәрбие жүйесі Нәпсіні ауыздықтауға бағытталған» [3].

Мәшһүр ақын нәпсі турасында:

...Тіліміз өткір қылыш қойған қайрап,

Жұғады отыз тісің, нәпсің шайнап.

Тамырың алпыс екі жіп секілді

Бекітіп дүниені қойған байлап... [4] – деп, адам тумасынан осы қасиетпен бірге дүниеге келетінін айтады, демек, біз нәпсіден қашып құтыла алмаймыз, тек жалғыз жол – оны тәрбиелеу:

...Бір іске өкінбейтін деп ойласаң,

Нәпсіңнің достық айтқан алма тілін.

Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,

Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ... [4].

Яғни адамның саналы қыры өз бойындағы хайуандық сезімді ауыздықтап, оны бағындыра алса, онда адам өзінің хайуандық және саналы (зерделі) бастауын тиісті орнына қоя білгенін көрсетеді. Адам нәпсіге бой алдырмай, оны үнемі бақылауда ұстаған жөн. Тәрбиесіз нәпсі жалқау, еріншек. Көбінесе, нәпсі жаман қасиеттерге бейім болады.

Абайдың 7-ші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тән құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік...» [5], дегендей адам ақылдан гөрі тәндік қасиеттерге жақынырақ, мұқтаж болады екен.

МәшҺүр ақынның шығармаларында адам бейнесі неше түрлі құбылтылып, түрлендіріліп сипатталады, әдетте айтпақ ойын, түйінін өлең жолдарының соңғы шумақтарына дейін сақтап, ақыр соңында тарқатып береді. Мысалға,

...Бұл күнде алтын азып жез болыпты,

Дүниеде жақсы, жаман сөз болыпты.

Гүл іздеп Гүлстанда жүрген Бұлбұл

Бір күні қаршығаға кез болыпты... [1, 25 б.] – «Ғибратнама» атты өлеңі бұлбұл құс пен қаршығаның сұқбатымен басталып:

...Құс болса, бозбалалар, бұлбұлдай бол!

Табылар іздегенге бір қызыл гүл!

Ет үшін бір-екі елі торға түскен,

Тіл алсаң, бола көрме қаршыға сол!.. [1, 27 б.] – деп жылы орын, ыстық тамақ үшін бәзбіреулердің ұр да жық қол шоқпары болмай, аз да болса адал жолмен қам-қарекет еткенді мақұлдайды.

Ал «Саңырау, соқыр, жалаңаш» атты өлеңінде бір адамның дүниекоңыздық тұрпатын – өзімдікі дұрыс, өзім білемдікке салған, «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғысқа қалған саңырау, өзгенің мінін көргенде алдында жан салмайтын, өз мінін байқамайтын, көрмейтін соқыр, жиған малы мен дәулетіне сенген, материалды құндылыққа бай болғанмен, рухани құндылыққа жұтаң адам бейнесін үш түрлі адам ретінде керемет суреттейді.

Манағы үшеуі кім еді болған жолдас,

Ондай болып бас қосса ешкім оңбас!...

...Халықтың ғайыбын көруге бек қырағы,

Бір алуға бетіңнен итше қауып.

Керек істі көрмейді өз басына,

«Соқыр» – деп, салдым соны сөз басына.

... «Керең саңырау – дегенім құлағы жоқ» –

Таусылмайтын ұшы жоқ ұзын ойың.

Бәрін өзім білдім деп жүреді сол,

Жан жоқ боп ақыл, ойға өзінен мол...

«Ұзын – деумен етегім!» – өтті өмірің,

Ойда жоқта тіпті тұттай жалаңашың!

«Менікі!» – деп меңгерген бұл жалғанды,

Келтірем деп ыңғайға ойға алғанды...

...Дүниеқордың болады екі бауыры,

Саңырау, соқыр, жаңғырыққан күнде даулы» [4]

Сонымен қатар, Көпеев «Бес қымбат» атты жырында адамға қажетті рухани, адами құндылықтарды жіпке тізгендей баяндап береді.

«Ең әуел керек нәрсе – иман» – деген,

«Ақырет істеріне (ишларына) инан!» – деген!

«Құдай кешірер!» – дегенмен, іс бітпейді,

«Иман шартын білмесе, есен (ибан)» – деген.

«Екінші керек нәрсе – ғақыл» – деген.

«Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!» – деген.

«Аз іске ашуланып, дінін бұзар, Иманын кәпірлікке сатар!» – деген.

«Үшінші қымбат нәрсе – сабыр» – деген,

«Сабырлысы мұратын табар!» – деген.

«Әр істе сабырсыздық тәубе – зорлық,

«Сабырсыздық басқа пәле салар!» – деген.

«Төртінші, қымбат нәрсе – шүкір» – деген,

«Нығыметке шүкірсіздік – күпір» – деген.

Жатқан жерден: «Құдай кешір!» – деген – қорлық,

«Себеп іздеп тура жолмен жүгір» – деген.

«Бесінші қымбат нәрсе – әдеп» – деген,

Әдепсізде иман тұру ғажап!» – деген.

«Кәпірлік – әдептіде тұрмағандай,

Әдеп деген махаббатқа себеп!» [4]

Жалпы қазақ ақын-жазушыларын толғандырған мәселелердің бірі – адам. Адамның толыққанды жетіліп, нағыз адам болуы. Ғұлама Абай «Кемел адам» десе, исламда «көркем мінезді адам» дейді. Ал Мәшһүр Жүсіп «түгел адам» деп қарастырады. Бұл сөздің мән-мағынасын «Төрт асыл, бес береке» өлеңінде ашып көрсетеді:

...Бірі – тілде, біреуі – көңіл-ойда,

Енді бірі – теп-тегіс түгел бойда.

Бұл үшеуін жүргізсе, қара жолмен,

Бәйге алады жарқырап үлкен тойда.

«Құдай – бір, жоқ, – деп – басқа!» – айтса тілің,

Шын білсе, тіліңдегін-жан-ділің... [4] – деп, тіл, көңіл, жан және сенімді төрт асыл деп атаса,

...Береке – өз қарақан басыңдағы,

Әдетің (ғадетің) – ұзын өмір жасыңдағы.

Оқылған уақытымен бес намазың –

Қылатын көрде жолдас қасыңдағы!

Бұл басты әр нәрсеге бастайтын – көз,

Оңбаймыз көзден, тілден тыйылмай біз...

...Бұ да адамның басының берекесі,

Берілсе – қайыр, ықсан, зекет – малдан!

Сөзіңді кім тыңдамас жүйе болса,

Кім термес балбыраған шие болса!

Адамға келер мұнан мол мереке,

Екі аяқ арасына ие болса!

Қиянат, аманатқа, қастық етпей,

Карантин қылған жерден, тоқталса, өтпей,

Уағда айтқан жерден сөз табылып,

Ұстаған жерден қолы тұрса кетпей! [4]

Береке мұныменен болады бес – деп, жақсы әдет, көз, жетім-жесірге берілген қайыр-садақа, зекет, нәпсіні тәрбиелеу мен уәдеге берік болуды бес берекеге жатқызады. Егер адамның өн-бойынан осы төрт асыл мен бес береке табылса, оны түгел адам деп атауға әбден болады деп санайды.

...Төрт асыл, бес береке – бір бойынан

Табылса, түгел болып, әне, кісі!,... – дейді ақын [4].

Қорыта келсек, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасының негізгі мақсаты – адамды адамгершілік тұрғыда жетілдіру, парасатты, ізгілікті адам тұлғасын қалыптастыру. Адам баласы өмір бойы ізденіп, рухани және кәсіби жетілу үстінде болуы керек. Әрбір адам тәрбиені өзінен бастаса, өзінің кем-кетігін түзетіп, түгел адам болуға әрекет жасаса, сонда қоғамдағы барлық қайшылықты мәселелер шешіледі, әлеумет түзелері анық. Осы ретте ақынның адамтану бағытындағы рухани даму, кемелдену туралы шығармалары адам үшін, қоғам үшін қазіргі заманда да өте құнды.

Библиография

  1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. Екі томдық. 1-том. – Алматы: Ғылым, 1990. – 273 б.
  2. Әбу Насыр әл-Фараби. Әлеуметтік философия. Этика. Эстетика. Астана, ТОО «Лотос – Астана», 2007. 4 том. – 286 б.
  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Нафс
  4. https://kitap.kz/books/bota_olender123456/read#epubcfi(/6/36[id18]!/4/2/2/1:0
  5. http://abai.kz/post/6
Полный архив сборников научных конференций и журналов.

Уважаемые авторы! Кроме избранных статей в разделе "Избранные публикации" Вы можете ознакомиться с полным архивом публикаций в формате PDF за предыдущие годы.

Перейти к архиву

Издательские услуги

Научно-издательский центр «Социосфера» приглашает к сотрудничеству всех желающих подготовить и издать книги и брошюры любого вида

Издать книгу

Издательские услуги

СРОЧНОЕ ИЗДАНИЕ МОНОГРАФИЙ И ДРУГИХ КНИГ ОТ 1 ЭКЗЕМПЛЯРА

Расcчитать примерную стоимость

Издательские услуги

Издать книгу - несложно!

Издать книгу в Чехии